0

0
БастыЖаңалықтарСанат 3

Парламент Құрылыс кодексі және Сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады

Парламент Құрылыс кодексі және Сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады

Календарь

12.02.2026

Глаз

1 көру саны

ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында ҚР Парламенті Сенатының ҚР Құрылыс кодексіне және «Қазақстан Респуб-ликасының кейбір заңнамалық актілеріне сәу-лет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына енгізілген түзетулер мақұлданды.

Заңнамалық актілер Мемлекет басшы-сының сәулет және құрылыс сала-сындағы қатынастарды реттеуді жетілдіру, сондай-ақ саланың жүйелі мәселелерін шешу жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында әзірледі.

Кодекс және Заң шеңберінде құрылыс нарығы субъектілерінің рөлін саралау және нақтылау, отандық ғылымды қолдау және құрылыс туралы шешімдер қабылдау кезінде жұртшылықтың қатысуы көзделген. Сондай-ақ мемлекеттік бақылау жөніндегі шаралар күшейтілді, бұл сапалы қала құрылысын жос-парлау мен құрылысты қамтамасыз етеді.

Реттеудің жаңа нысандары көзделген: сейсмикалық аймақтарда жобалау және құрылыс ерекшеліктері, құрылыс саласының инженерлерін сертификаттауды енгізу, «жедел бақылау шарасы» және «жоспарлы инспекциялау» жаңа тетіктерін енгізу, объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде инновациялар.

Процестерді автоматтандыру және цифрландыру мақсатында Кодекс шеңберінде құрылыс саласының бірыңғай цифрлық экожүйесін енгізу, Мемлекеттік ақпараттық модельдер банкі жаңа жүйесін тапсырыс берушінің бірыңғай терезесі ретінде пайдалану көзделеді, ол құрылыстың барлық қатысушыларының жұмысын бір бастапқы интерфейс арқылы қамтамасыз етеді.

Аталған нормалар құрылыс нарығын монополиясыздандыруға, аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін жобалау мен құрылыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Ұқсас материалдар