0

0
БастыЖаңалықтарСанат 3

Құрылыстағы ашықтықты арттыру: сметалық құжаттаманың жаңа форматы енгізілді

Құрылыстағы ашықтықты арттыру: сметалық құжаттаманың жаңа форматы енгізілді

Календарь

12.02.2026

Глаз

5 көру саны

Мемсараптама» РМК құрылыс сала-сындағы сметалық құнның ашықтығын, дәлдігін және сенімділігін арттыруға бағытталған сметалық құжаттама файлдарының жаңа форматын (KENML 2.0) енгізу туралы хабарлайды.

Жаңа формат сметалық деректерді құры-лымдандырылған және машиналық оқылатын форматқа көшіруді көздейді, бұл сметалық есептеулерді біріздендіруге және оларды бағдарламалық қамтамасыз етуге тәуелсіз етуге мүмкіндік береді.

Жаңа форматтың негізгі артықшылықтары:

  • сметалық көрсеткіштердің дәлдігі мен салыстырмалылығын арттыру;
  • сметаларды тексеру уақытының қысқаруы;
  • деректердің қайталануы мен қолмен енгізу кезінде қателіктердің туындау тәуекелдерін төмендету;
  • шығындардың ашықтығы мен бақылауын күшейту.

Сметалық құжаттаманың жаңа форма-тының сипаттамасы ҚР ЕЖ 1.02-123-2025 «Құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалық-сметалық құжаттаманың электрондық цифрлық түрі» нормативтік техникалық құжа-тында келтірілген.

Сметаларды жаңа форматта сараптамаға ұсы-

ну 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап міндетті болады.

Жаңа форматты енгізу құрылыс саласын кешенді цифрлық трансформациялаудың бір бөлігі болып табылады және жобалау, сараптау және құрылыс жобаларын іске асыру процестерінің тиімділігі мен технологиялылығын арттыруға бағытталған.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Ұқсас материалдар