0

0

Обучающий курс «Самое главное о BIM»

«BIM туралы ең маңыздысы» оқыту курсы

Сипаттама:

 

BIM – нысан жайлы ақпаратты бірлесіп жасау және пайдалану процесі, ол нысанның өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде шешім қабылдаудың негізін қалыптастырады – жоспарлаудан бастап жобалауға, жұмыс құжаттарын шығаруға, құрылысқа, эксплуатацияға және сүрілуге дейін.

BIM негізінде үшөлшемді ақпараттық модель жатыр, ол инвестордың, тапсырыс берушінің, бас жобалаушының, бас мердігердің, пайдалану ұйымының жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

BIM-ге өту ұйым үшін көп нәрсені өзгертеді: құрылымды өзгертеді, жаңа рөлдер жасайды, жұмыс процестерін және ақпарат ағыны жолдарын өзгертеді, ақпарат сізге қалай жететіні және сізден қалай шығатыны өзгереді.

Уақытылы BIM технологиясын қолдануға мүмкіндік беретін деңгейге көшу жобалық құжат сапасын айтарлықтай арттырады, жобалау жылдамдығын жоғарылатады және көптеген қосымша мүмкіндіктер ашады.

 

Неліктен көптеген компаниялар BIM-ді таңдайды?

  • BIM-дің негізгі артықшылықтары мен мүмкіндіктері қандай?
  • BIM туралы қандай қате түсініктер бар?
  • BIM енгізудің инвестиция қайтарымы (ROI) неден тәуелді?
  • BIM-ге өтерде нені білу керек?
  • BIM қолданудың әлемдік тәжірибесі не көрсетеді?
  • Неліктен дәл қазір BIM-ге өту соншалықты маңызды?

 

Артықшылықтары

Бұл курс арқылы сіз BIM концепциясы, негізгі мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы дұрыс түсінік ала аласыз, сондай-ақ ұйымға BIM-ді сәтті енгізу үшін не қажет екенін білесіз. Курс компания басшыларына, жоғары және орта деңгейдегі менеджментке, сондай-ақ ақпараттық модельдеуге қатысатын мамандарға ұсынылады.

 

Біздің клиенттердің пікірлері

 

s1s2

 

«Бүгінгі таңда бәрі BIM туралы сөйлейді, бірақ оның не екенін аз адам біледі. Бұл курс жүйені жалпы түсінуге мүмкіндік береді: оны қалай қолданады, енгізудің қандай артықшылықтары бар, жүйеге көшу кезінде қандай қиындықтар туындайды. Бұл курс компанияның басқарушы құрамына өте пайдалы, қайдан бастау керектігін және BIM-ді қалай енгізу керектігін анықтауға көмектеседі».

Савгира О.А,

ТОО «Poligram» директоры, Атырау

 

«Ең ұнағаны – сіз BIM туралы жобалардың АР, КЖ бөлімдері, жасыл жобалау жүйелерін сертификаттау, жобаларды басқару сияқты тақырыптар бойынша толық презентация бердіңіз, сонымен қатар, өте маңыздысы, BIM-ді нақты ПА KAZGOR-де енгізу тәжірибесін көрсеттіңіз».

Исабаев Г.А,

қауым. профессор, КазГАСА, Алматы

 

Курстың жетекшілері

 

v1

Рустем Ильясов

Басты инженер-конструктор, кіші ғылыми қызметкер, ЦентрНорм орталығы.

Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласында магистр дәрежесіне ие (Оңтүстік Калифорния Университеті, АҚШ).

АҚШ-та келесі бағыттарда заманауи тәжірибе жинақтаған: «BIM және интеграция практикасы» және «Өзін-өзі қамтамасыз ететін және экологиялық тұрақты жобалау және құрылыс».

Қазақстандағы құрылыс нысандарын жобалау кезінде ақпараттық модельдеу технологияларын (BIM-технологияларын) енгізу бойынша жұмыс тобының мүшесі.

v2

Антон Федянин

I санатты сәулетші.

«Сәулет» мамандығы бойынша өнертану магистрі дәрежесіне ие (ҚазГАСА).

AutoCAD 2015 бағдарламасы бойынша Autodesk сертификатталған тренер.

AutoCAD 2015 және Revit 2015 бағдарламалары бойынша сертификатталған маман.

BIM және CAD жүйелерінде тәжірибелі жұмыс істейтін сәулетші.

v3

Рүстем Фазылов

II санатты инженер-конструктор.

Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласында магистр дәрежесіне ие (Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазНИТУ). AutoCAD 2015 бағдарламасы бойынша Autodesk сертификатталған тренер.

AutoCAD 2015 бағдарламасы бойынша сертификатталған маман.

BIM және CAD жүйелерінде тәжірибелі инженер-конструктор.

v4

Канат Тебеев

ТСП секторының меңгерушісі, сертификатталған жобалық менеджер (СРМ IPMA®).

«Жобаларды басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі дәрежесіне ие (Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазНИТУ).

Тиімді жобалық басқару құралдарын қолдана отырып, кешенді жобаларды басқарады.

«АҚШ-та BIM-технологияларын енгізуді талдау» атты құжаттың авторы, ол «BIM технологиясын енгізудегі әлемдік тәжірибе» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысының есебіне енгізілген.

v5

Асия Бактыгереева

Басты инженер, ОВиК саласы.

«Құрылыс» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие (ҚазГАСА).

«Жылыту, желдету және кондициялау» бөлімінде жұмыс және жобалық құжаттаманы әзірлейді.

Қоғамдық және өндірістік нысандардың ОВиК жүйелерін жобалау.

AutoCAD 2015 бағдарламасы бойынша сертификатталған маман.

BIM және CAD жүйелерінде тәжірибелі ОВиК инженері.

v6

Асель Байдыханова

Басты маман – эколог, ПА KAZGOR.

Биология және экология саласында магистр дәрежесіне ие (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ).

Жобалық-сметалық құжаттаманың құрамындағы ЭОС материалдарын әзірлейді, экологиялық мәселелер бойынша жобаларды сүйемелдейді.

ISO 14001 экологиялық менеджмент жүйесі бойынша жауапты маман. ISO 50001 энергетикалық менеджмент жүйесінің ішкі аудиторы.

Оқыту курстарынан өтті: «Халықаралық жасыл ғимарат стандарттары BREEAM/LEED Қазақстанда», «Тұрғын үйлерде энергия үнемдеу: тиімді басқару және энергия үнемдейтін технологияларды қолдану».

Байланыс

Жазылым бойынша сұрақтар бойынша мына телефондар бойынша хабарласыңыз